Жаңа жыл – біздің балапандарымызға үлкен қуаныш сыйлайтын думанды мереке

Желтоқсан 24, 2021

Жаңа жыл – біздің балапандарымызға үлкен қуаныш сыйлайтын думанды мереке. Сол үшін бүгін біздің үйіміздің қысқы бағында «Жаңа жылдық ертегілер» атты ертеңгілік болып өтті.

Аққала жетекшілігімен – Аяз ата мен Ақша қар, Уақыт сақшысы, Қоян мен Кірпі мерекелік ертеңгілікті бүлдіршіндерімізбен бірге көңілді өткізу үшін шыршаның түбіне жиналды.

Балалар ә дегеннен шырша шамын жағуға асықты. Алайда, Уақыт сақшысы «Жаңа жыл кешін ешкім тойламасын», деген арам оймен уақытты сиқырлап тоқтатып тастады. Балалар Уақыт сақшысын райынан қайтаруға тырысып, бар өнерін ортаға салды.

Кішкентай сері жігіттеріміз «Сағаттар» биін, ал мың бұралған сұлу қыздарымыз «Ұлпа қар» биін биледі. Балақайлардың өнеріне тәнті болған Уақыт сақшысы уақытты қалпына келтіріп, шырша шамын қайта жағуға келісіп, балаларға қуаныш сыйлады.

Уақыт сақшысынан соң ортаға шыққан Аяз ата мен Ақша қарға бүлдіршіндер жаттаулар айтып, өнерлерін көрсетті. Қоян мен Кірпі болса балаларға түрлі ойын ойнатып, уақытты көңілді өткізді.

Ертеңгілік соңында ескі жыл символы Сиыр Жаңа жыл символы Барысқа сөз кезегін берді. Барыс алдағы жылы тек жақсылық болатынын жеткізді.

Мерекелік бағдарлама көңілді әрі қызықты өтті.

Мекеме директоры Сәуле Кенжетайқызы, балалар үйінің ұжымы мен сәбилері баршаңызды келе жатқан Жаңа Барыс жылымен шын жүректен құттықтайды! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, береке мен молшылыққа кенеліп, 2022 жыл табысты болсын! Сіздерге мықты денсаулық, шексіз бақыт тілейміз!

  • 01
  • 02
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
  • 094
  • 095
  • 096
  • 097
  • 098
  • 099
  • 0999
Оқылды 280 рет