Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жолдады

Қырқкүйек 13, 2024

2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын жария етті.

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Жолдауда Мемлекет басшысы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі экономикалық реформаларға басты назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамалары мен ұсыныстары салық жүйесін қайта жаңғыртуға, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын қабылдауға, ауыл шаруашылығы саласын қолжетімді несиелеуге, әділ және тиімді тарифтік саясатқа, көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, білікті кадрлар даярлауға, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2024 жылғы 6 қазанда Атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум өтетінін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы қоғамды толғандыратын бірқатар өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталды. Олардың қатарында интернет-алаяқтық, жол-көлік оқиғалары, әскердегі тәртіп, есірткі бизнесімен күрес, медициналық сақтандыру жүйесінің жетілмегендігі, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы, шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бақылаудың шектен тыс болуы және т.б. мәселелер бар.

Жалпы, Жолдау көптеген өзекті мәселелерді шешуге және еліміздің стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Оқылды 40 рет