«Менің қалам» тақырыбында балалардың сурет көрмесі өтті

Шілде 06, 2024

Астана күні мерекесіне орай, бүгін топ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Менің қалам» тақырыбында балалардың сурет көрмесі өтті. Көрменің мақсаты, бүлдіршіндеріміздің еліне, жеріне деген махаббаты мен патриоттық сезімдерін ояту, жас суретшілерді шығармашылық ізденіске баулу. Балалар өз туындыларында Қазақстанымыздың әсем қаласы Астананың, туған өлке Сарықамыздың келбетін, табиғаты мен кең даласын бейнелеген.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
Оқылды 122 рет