Консилиумның кезекті отырысы өтті

Сәуір 05, 2024

2024 жылы 05 сәуірінде Балалар үйінің қабырғасында Консилиумның кезекті отырысы өтті, онда арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін отбасылардың ісі қаралды.

Консилиум жұмысына қорғаншылық және қамқоршылық органының мамандары, «АНА ҮЙІ» ҚҚ қызметкерлері, Балалар үйінің қызметкерлері қатысты. Кеңес отырысы барысында Балалар үйінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж отбасыларды, сондай-ақ «ерекше» бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау үшін материалдық ресурстар, адами ресурстар және қажетті құрал-жабдықтар бар екені айтылды.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін отбасыларға арналған күндізгі топқа баланы орналастыруға қатысты сұрақтар бойынша Астана қаласы, Манас көшесі 17/1, байланыс телефоны 8 7172 56 12 61 хабарласуыңызды сұраймыз.

  • 01
  • 02
  • 03
Оқылды 70 рет