«Ризашылық» күніне арналған мерекелік іс-шарасы өтті

Наурыз 01, 2024

Ризашылығын білдіріп алғыс айтуды халқымыз бұрынғы заманнан хош көреді. «Ризашылық» білдірудің бірнеше әдістері бар: жылы жүзбен, іс-қимылмен және сөзбен. Өзге адамдар үшін бар ынтамен жасалған әрекеттің шынайы ризашылығын сезініп сүйсінесің.

Көктемнің алғашқы күнінде, Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде «Ризашылық» күніне арналған мерекелік іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты: бүлдіршіндерімізге жүрек жылуын дарыту, оларға жылы отбасылық көңіл-күй сыйлау және балаларға қамқорлығын көрсетіп жүрген демеушілерімізге, мекеме ұжымы мен бүлдіршіндеріміз атынан өз ризашылығымызды білдіру.

Мереке барысында балапандарымыз өз өнерлерін көрсетіп, би биледі. Оның ішінде бүлдіршіндеріміз бен іс-шара қонақтары бірге «Көктем» ханшайымын күтіп алды, сондай ақ, Аққала мен Мыстан мерекелік шараның қонағы болып балаларға түрлі ойын ойнатуы ерекше ұнады. Баршамыз қосылып ән айтып, қол соққан кішкентай бүлдіршіндеріміз ерекше көңіл-күймен кеш соңын көңілді аяқтады.

Мерекелік бағдарлама соңында үйіміздің қадірлі қонақтарына сөз беріліп, дәстүр бойынша балаларымызға сыйлықтар табыс етілді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ұжымы атынан, барлық демеушілерге, меценаттарға, балдырғандарымызға жан жылуын сыйлап, қуанышқа кенелтіп, жақсылықты үлгі етіп, ертеңгі күннің жарқын боларына сенім отын ұялатып, қамқорлығы мен қолдауын көрсетіп жүрген жомарт жандарға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге шексіз бақыт, мықты денсаулық, әрбір игі бастамаларыңызға сәттілік пен табыс тілейміз!

Баршаңызды ризашылық пен мейірімділіктің мерекесіне айналған Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
Оқылды 65 рет