«Күнім» және «Жұмбақ» оңалту тобында кезекті ата-аналар жиналысы өтті

Қаңтар 11, 2024

Биылғы жылдың жаңадан ем-шара алуға келген балалар үшін «Күнім» және «Жұмбақ» күндізгі оңалту тобында кезекті ата-аналар жиналысы өтті.

Мекемеміздің басты мақсаты ата-аналарға мамандардың жұмыс барысын түсіндіру, ынтымақтастықты қалыптастыру. Әрине әрбір ата-ана балалары үшін уайымдайды, себебі қандай ортаға түсті және баламен қалай жұмыс жасап жатыр екен деген сұрақтар мазалайды. Ерекше туылған балаларға, ерекше күтім керек.

Ата-аналар дәрігерлер, медбикелер, реабилитолог, ЕДШ, физиотерапия, бассейн, логопедтер, психологтар, сенсорлық және Монтоссори, тәрбишілер мен тәрбие ісінің көмекшілерінің жұмыстары мен кабинетерінің жұмыс барысы мен танысты. Жиналыс соңында психологтар ата-аналармен көңіл-күйді сергіту ойындарын өткізді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
Оқылды 55 рет