Үлкен алғыс білдіреміз

Желтоқсан 22, 2023

«АҚНИЕТ» Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы балдырғандарымызды көптен күткен сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мерекесімен құттықтап, «Детский мир» сауда орталығына арнайы сертификат берді.

Халқымыз «Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері де туыстырады» – деген екен. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларымызды назарынан тыс қалдырмай мерекелік қуаныш сыйлағаны үшін «АҚНИЕТ» Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ұжымына шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Өздеріңіз секілді қамқор, жанашыр жомарт жандардың арқасында сәбилеріміздің өмірі нұрлана түседі. Біздің үйдің кішкентай тұрғындарын шаттыққа бөлеп, көтіріңкі көңіл-күй сыйлаған жақсылықтарыңыз, алдағы уақытта жарық шам болып жолдарыңызды ашық етсін.

Сіздерді, алдағы келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз! Сіздерге, мықты денсаулық, шынайы бақыт, жұмыстарыңызға табыс, шаңырағыңызға шаттық тілейміз. Еңбегіңіз еленіп, толағай табыстарға жете беріңіздер! Әр күніңіз бақыт пен ізгілікке толы болсын!

  • 1
  • 2
  • 3
Оқылды 61 рет