«Жұмбақ» оңалту тобы

Қырқкүйек 01, 2023

«Жұмбақ» оңалту тобы оңалтуды қажет ететін ерекше балаларға бейімделген. Топта балалармен педагогикалық және медициналық мамандардан тұратын мультидисциплинарлық команда жұмыс істеді.

01.09.2023 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде «Жұмбақ» оңалту тобы бүлдүршіндерінің бітіру кеші өтті.

Мерекелік іс-шара барысында, балғындар ата-аналарына 3 айлық оңалту кезінде алған дағдылары мен өз жетістіктерін көрсетті – олар қасықтар мен музыкалық аспаптарда ойнады.

Үш ай көлемінде балалармен реабилитолог, невропатолог, дәрігер-педиатр, массажист, лфк инструкторы жұмыс жасады. Ал балдырғандардың күтімі мен біліміне тәрбиешілер мен күтушілер, психолог, логопед, монтессори және музыка жетекшісі жауапты болды.

«Жұмбақ» оңалту тобының күндей жарық тәтті бүлдіршіндеріне және ата-аналарына, балалар үйі ұжымы атынан сәттілік, отбасылық бақыт, жетістік, көптеген қызықты кезеңдер мен таңғажайып қуанышқа толы сәттердің көп болуын тілейміз.

Оқылды 232 рет