Конституциясы күні мерекесіне арналған «Ата заң - Алтын тұғырымы» атты салтанатты іс-шара өтті

Тамыз 29, 2023

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде Конституциясы күні мерекесіне арналған «Ата заң - Алтын тұғырымы» атты салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының ән ұранымен ашылып, балалар үйінің директоры Татьяна Александровнаның мекеме ұжымын құттықтау сөзімен басталды.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Конституциясы жайлы бейнеролик көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген Республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Оқылды 183 рет