Медицина қызметкерлерінің күні

Маусым 16, 2023

Медицина қызметкерлерінің күні – бұл мереке барлық ғұмырын алғысқа лайықты істерге – өзге адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленетін күн. Осы мерекеге орай мекемеміздің ардақты, сәбилеріміздің қамқоршы мамандары – аяулы дәрігерлеріміз бен мейірбикелерімізге алғысымызды білдіру үшін біздің үйдің музыка залында кішігірім мерекелік құттықтау рәсімін өткіздік. Іс-шара барасында ақ халатты абзал жандарға ерекше құрмет көрсетіліп, тынымсыз еңбегімен көзге түскен мамандарымыз Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» дейді халықта.

Құрметті біздің дәрігерлер, мейірбикелер денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеуде Сіздер өлшеусіз үлес қосып жатырсыздар. Сіздерге айтар алғысымыз шексіз.

Ақ халатты абзал жандар, төл мерекелеріңізбен құттықтай отыра, Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілейміз. Кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер!

Оқылды 99 рет