Кувейт Мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі жұмыс сапарымен келді

Маусым 13, 2023

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-не Қазақстан Республикасы Кувейт Мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Омар Ахмет Мұхаммед Мурад Аль-Кандари мырза мен оның жұбайы Madam Huda Amir ханым жұмыс сапарымен келді. Елшіні салтанатты күтіп алу рәсіміне Қазақстандағы Халықаралық Ислам қайырымдылық ұйымының төрағасы Доктор Ясер Альван Мұхамад Әли мырза мен Астана қаласының «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Досмырзаева Гүлназ Төленқызы біздің үйге арнайы келді.

Балалар үйінің директоры Цечоева Татьяна Александровна құрметті қонақтарымызды мекеменің қызметімен таныстырды. Елші мырза балалардың өмір сүру жағдайымен танысты. Экскурсия барысында қонақтарымыз ЕДШ, физиотерапия кабинеті, сонымен бірге бассейн, логопедтер кабинетінде, сенсор бөлмесі мен Монтессори кабинетінде болды. Бұл кабинеттер біздің балаларымыздың денсаулығы мен оңалуына арналған. Жанұялық топтар мен «Жұмбақ» оңалту тобының кішкентай тұрғындары қонақтарымызды жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Олар өздерінің жұмыс сапарын қорытындылап, елордалық балалар үйінің қызметін жоғары бағалады.

Басшымыз Татьяна Александровна Қазақстан Республикасы Кувейт Мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Омар Ахмет Мұхаммед Мурад Аль-Кандари мырзаға іс-сапармен арнайы келгені үшін ризашылығын білдіріп, «Халықаралық ислам қайырымдылық ұйымына» – біздің балалар үйіне көрсеткен ерекше қайырымдылық көмегі үшін алғысын айтты.

Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды оңалту – бұл мамандардың және баланың ұзақ және ауыр еңбегін қажет етеді. Сондықтан оңалту жұмыстары кезінде жетістікке қол жеткізу үшін арнайы оңалту жабдықтары қолданылады. Ерекше балалар қалпына келтірілуі, дамуы, өзін әлем мен қоғамның бір бөлігі ретінде қабылдауы және жай ғана бақытты өмір сүруі керек. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін бізге бұл берілген құралдардың маңызы зор.

Балалар үйінің әкімшілігі мен ұжымы атынан Халықаралық Ислам қайырымдылық ұйымына оңалту жабдықтары түрінде көрсеткен көмегі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Өздеріңіз секілді қамқор, жанашыр жомарт жандардың арқасында сәбилеріміздің өмірі нұрлана түседі.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

 

Оқылды 90 рет