Балалар үйінің 90 жылдығына және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған

Маусым 07, 2023

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – баланың қуанышы мен шат күлкісі. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Сондықтан Халықаралық балаларды қорғау күні – балаларға барынша көңіл бөліп, оларға қамқорлық көрсету барша азаматтың парызы.

Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шара. Басты мақсат – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Бүгін біздің үйдің амфитеатрында елордалық балалар үйінің 90 жылдығына және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала күлкісі – әлемнің көркі»атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Мереке барысында ерекше сәбилеріміздің «Оркестрі», бүлдіршіндеріміздің «Вальс» биі, «Baby dance» сәбилер биі қонақтарымыздың көңілінен шығып, шаттыққа бөледі.

Мекеме басшысы Цечоева Татьяна Александровна балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, оларға жылы лебізін білдірдіріп, мекеме ұжымын 90 жылдық мерейтоймен құттықтады. Айтулы мерекеде балалар үйінде қызмет еткен ардагерлерімізді мерекемен құттықтап, арнайы медаль тарту етті.

Шара барысында, қызықты театрландырылған көріністер, әртүрлі музыкалық композициялар орындалды. Ал балғындар мұның барлығын біркелкі ерекше көтеріңкі көңіл-күймен тамашалады. Мұның бәрі балалар мерекесінде есте қаларлық және ұмтылмас сәттердің біріне айналғаны анық. Балапандарымыздың мерекесін сәндендіре түсетін кішкентай бүлдіршіндерден құралған би топтарының мерекелік шығарылымдары мен танымал әнші Қарақат Әбілдинаның орындауындағы тамаша ән үйлесім тауып, жиналған қауымның қошеметіне бөленді.

Мерекелік шараға бүлдіршіндерімізді арнайы құттықтап келген қадірлі қонақтарымызда бұл шараға қолдау көрсетіп, балаларға тәттілер мен бағалы сыйлықтарымен қуаныш пен шаттыққа бөледі. Қысқасы балалардың бал күлкісі кернеген мерекелік шара жоғары деңгейде аталынып өтті.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
  • 094
  • 095
  • 096
  • 097
  • 098
  • 099
  • 0991
  • 0992
  • 0993
  • 0994
  • 0995
  • 0996
  • 0997
  • 0998
  • 0999
  • 09991
  • 09992
  • 09993
  • 09994
  • 09995
  • 09996

 

Оқылды 124 рет