Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту жаттығуы өтті

Сәуір 17, 2023

Медициналық көмекті тек білікті дәрігерлер көрсететіні даусыз. Денгенмен кез-келген адам алғашқы медициналық көмек көрсетуді білуі керек.

Алғашқы медициналық көмек – бұл дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілуі керек шаралар кешені.

13.04-17.04.2023 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша «Жүрек тоқтау кезінде медициналық көмек көрсету», «Жарақат алу кезінде көмек көрсету», «Сыртқы қан кетуді тоқтату» тақырыбында оқыту жаттығуы өтті.

Мекемемізге Астана қаласының «Апаттық медицина орталығының дәрігер- реабилитологы подполковник Имамбаев Нурлан Еслямович арнайы келіп, ең жиі кездесетін төтенше жағдайларда көрсетілуі тиіс алғашқы көмектерді баяндап, оқиға орнында өкпе реанимациясын жасау, қанды дер кезінде тоқтату, жараны уақытында таңу сынды әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсетті.

Оқыту барысында қызметкерлеріміз алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сұрақтарын қойып, білікті маманнан толық жауап ала алды.

  • 01
  • 02
  • 03
Оқылды 110 рет