Ақпараттық дәріс өтті

Сәуір 07, 2023

«МЕКЕМЕНІ ТЕРРОРИСТТІК ТОПТАРДАН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТЕРРОРИСТІК ҚАУІП ТӨНГЕН КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚОРҒАНЫС ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ДӘРІС ӨТТІ.

2023 жылдың 07 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде әлеуметтік жұмыс бойынша заңгер Ғабдуллин Бауыржан Құрманғазыұлы қызметкерлерге «Мекемені террористтік топтардан қорғау және қызметкерлердің террористік қауіп төнген кезіндегі алғашқы қорғаныс іс-әрекеттері» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді.

Ақпараттық дәріс барысында тыңдаушыларға күдікті заттарды анықтау кезіндегі әрекеттер алгоритмі, кепілге алу кезіндегі мінез-құлық ерекшеліктері, оғаш қоңыраулар мен күдікті хабарламаларды анықтау тәртібі туралы ақпарат берілді.

  • 01
  • 02
  • 03
Оқылды 111 рет