«Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК-не және басшысы Мұхамбетов Ғабит Мұхамбетұлына алғыс

Наурыз 27, 2023

Адамзат бойындағы ерекше бір қасиеттердің бірі – жанашырлық. Жанашырлық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.

Елордалық балалар үйі ұжымы «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК-не және басшысы Мұхамбетов Ғабит Мұхамбетұлына балаларымызға көрсеткен қамқорлығы үшін алғысымызды білдіреміз. Ерекше көңілдеріңіз бен мейірімдеріңіз, біздің үйдің кішкентай бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлады. Балғындарымызға жасаған жақсылықтарыңыздың игілігін көріңіздер.

Сіздерге мол табыс, жоғары жетістіктер мен шынайы бақыт тілейміз! Сәттілік серегіңіз болып, тек биік шыңдардан көрініңіздер!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
Оқылды 228 рет