Наурыз мейрамы!

Наурыз 16, 2023

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «Төрлет, әз Наурыз!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Мерекелік іс-шара барысында қазақтың ұлттық салт-дəстүрі «Бесікке салу» дəстүрінен үзінді көрсетіліп, Қыдыр атаның ақ батасын алған сүйкімді балалар, əрмен қарай қызықты ұлттық ойындар ойнап, тамаша көңіл-күймен қазақтың Жаңа жылын қарсы алды.

Мерекелік шара ән-бимен көмкеріліп, бірлік пен береке ұғымдарының мән-маңызын айшықтай түсті.

Оқылды 106 рет