ҚР Парламенті Сенатының депутаты балаларымыздың тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы келді

Наурыз 01, 2023

01.03.2023 жылы біздің балалар үйіне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ниязова Нурия Исмагиловна балаларымыздың тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы келді.

Директор Цечоева Татьяна Александровна Ниязова Нурия Исмагиловнамен балалар үйіне экскурсия жүргізіп, бассейн, ЕДШ жаттығу терапиясы залын, физиотерапия кабинетін, Монтессори кабинетін, сенсорлық кабинетті, логопед кабинетін көрсетіп, бүлдіршіндер өмір сүретін топтармен таныстырды. Ниязова Нурия Исмагиловна, балалардың өмір сүру жағдайымен танысып болған соң, балалар үйі ұжымына ризашылығын білдірді. Балалар үйінің жағдайы туралы сұрап, көмек қажеттігі жайлы, ұжымды мазалап жүрген жайттардың бар-жоғы жайлы сұрақтарын қойды. Балғындарымыздың өміріне жанашырлығы мен қолдауы үшін Ниязова Нурия Исмагиловнаға ризашылығымызды білдіреміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
Оқылды 151 рет