Қуыршақ театры

Ақпан 28, 2023

Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген бала қуыршақ театрының қойылымын асыға күтеді. Қуыршақ театрының әр қойылымынан бала өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Балалар үйінің «Алақай» қуыршақ театры мен “Шиелім” тобының ұйымдастыруымен балаларымыз «Дәрігер Айболит» ертегі қойылымын тамашалады. Чуковскийдің әйгілі поэтикалық ертегісі «Алақай» қуыршақ театрының орындауында балаларымызға одан да түрлі-түсті, заманауи және күлкілі болды. Қызықты қойылымнан соң бүлдіршіндеріміз көңілді ойындар ойнап, әр түрлі тапсырмаларды ерекше құлшыныспен орындап шықты. Ойын-сауық бағдарламасы балдырғандарға қуаныш пен шаттық, көктемгі көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

  • 01
  • 02

Оқылды 150 рет