Астана қаласы «Білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары арнайы жұмыс сапарымен келді

Ақпан 22, 2023

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада». Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөздердің астарында үлкен мән жатыр. Олай болса адам өмірінің мәні – өз ұрпағы.

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не біздің үйдің кішкентай тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып, жағдайларынан хабар алу мақсатында арнайы жұмыс сапарымен Астана қаласы «Білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары Омар Олжас Қобыландыұлы мен Астана қаласы әкімдігінің білім беру басқармасының қорғаншылық бөлімінің басшысы Жұманова Гүлмира Елеусізқызы келді.

Директор Татьяна Александровна Олжас Қобыландыұлы мен Гүлмира Елеусізқызын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру жағдайымен таныстырды. Қадірлі қонақтарымыз бассейн, физиотерапия кабинетін, Монтессори кабинетін, сенсорлық кабинетті, логопед кабинеттерін көріп, балалар үйінде ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды оңалту және абилитациялау бойынша емдік дене шынықтыру залында жүргізілетін жұмыстармен танысты.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
Оқылды 143 рет