«Жұмбақ» күндізгі оңалту тобы ашылды

Ақпан 20, 2023

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде тағы бір күндізгі оңалту тобы ашылды. «Жұмбақ» күндізгі тобы біздің мекемеміздегі ашылып отырған екінші оңалту тобы. «Жұмбақ» тобының ашылу рәсімінің қызыл лентасын балалар үйінің директоры Цечоева Татьяна Александровна қиып, бүлдіршіндер жаңа топқа қадам басты.

Ерекше күтімді қажет ететін балалардың үйлесімді дамуына білікті мамандар арқылы көмек көрсету мақсатында ашылған оңалту тобында балалармен реабилитолог, невропатолог, дәрігер-педиатр, массажист, лфк инструкторы жұмыс жасайды. Ал балдырғандардың күтімі мен біліміне тәрбиешілер мен күтушілер, психолог, логопед, монтессори және музыка жетекшісі жауапты болады.

Салтанатты рәсімде қызметкерлер мен сәбилерге арналып, жылы сөздер мен ізгі тілектер айтылды. Топтың алдағы уақытты жұмысы жемісті болып, балалар ерік жігері мен мамандардың қажырлы еңбегі арқасында жеңісті нәтижеге қол жеткізеді деген үміттеміз.

  • 01
  • 02
  • 03
Оқылды 105 рет