«Аурухана» сюжеттік-рөлдік ойыны

Ақпан 12, 2023

«Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, оны істейді. Ойын ойнағанда балалар жанындағы нәселерді пайдаланады», – дейді Мағжан Жұмабаев. Ойын –тек әрекет емес, балалардың да үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамда рахат пен қанағат сезімі. Белгілі ғалым психолог Д.Б.Элконин: «Ойын – баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-әрекетіне бағдар беретін зерттеу тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, әлемді танып-білуге бағалауға үйренеді»- демекші ойын – ерте жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті.

«Бөбек» тобының бүлдіршіндері «Аурухана» сюжеттік-рөлдік ойынын ойнап отыр.

Мақсаты:Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан-жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

  • 01
  • 02
  • 03
Оқылды 292 рет