ЖШС «QSM inginiring» ұжымына алғыс

Желтоқсан 29, 2022

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің әкімшілігі ЖШС «QSM inginiring» ұжымына біздің балапандарымызға арнайы әкелген сыйлықтары үшін және ерекше мейірімі үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

Өсіп жатқан ұрпаққа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға  қамқоршы болу – біздің міндетіміздің бірі. Қайырымды, балалардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын тамаша адамдарды кездестіргенімізге өте қуаныштымыз.

Біздің балаларымыздың ерекше өмірін жақсартуға талпынысыңыз үшін алғыс білдіре отырып, алдағы келе жатқан 2023 жылмен құттықтаймыз! Жаңа жыл сіздерге қуанышы мен қызығын, жақсылығы мен ырысын әкеліп, игілігі мен сәттілігін сыйласын!

Оқылды 123 рет