Алғысымызды білдіреміз

Желтоқсан 28, 2022

Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі қолдауымен Круговых ЖК-нің «Черный Принц & Черный Граф» компаниясының балалар бөлімі, аниматорлар Ақшақар және Аяз атамен бірге елордалық балалар үйіне балаларымызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қуаныш сыйлау мақсатында арнайы келді.

Құрметті қонақтарымыз мекеме қызметімен танысып, қонақжай бүлдіршіндеріміздің дайындаған өнерлерін тамашалады.

Халқымыз «Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері де туыстырады» – деген екен. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларымызды назарынан тыс қалдырмай мерекелік қуаныш сыйлағаны үшін Круговых ЖК «Черный Принц & Черный Граф» компаниясының директоры Хамзин Аманжол Далабаевич мырзаға және Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі – Утюпин Павел Владимирович мырзаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
Оқылды 103 рет