Үлкен алғыс!

Қазан 12, 2022

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінің 4 курс студенттері мен деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары Даурембеков Ерлан Курманалиұлына балаларымыз ойнайтын алаңдарды күздің сарғайған жапырақтарынан тазартып, сенбілік жұмыстарына көмектескені үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Жақсылық күн секілді, сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жастардың жақсылық жасауға ниеттілігі көңіл қуантады.

Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй, сарқылмайтын күш пен мақсаттарыңызға жетуде оптимизм тілейміз!

Қоршаған ортаға қамқорлық, және жас ұрпаққа керемет үлгі боларлық игі істеріңіз Сіздерге екі есе жақсылық болып қайтсын!

  • IMG_1419
  • IMG_1421
  • IMG_1423
  • IMG_1424
  • IMG_1488
Оқылды 191 рет