Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық дәріс өтті

Қырқкүйек 26, 2022

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде, әлеуметтік жұмыс жөніндегі заңгер Бауыржан Құрманғазыұлы Габдуллин қызметкерлерге «Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» тақырыбында ақпараттық дәріс оқыды.

Ұйымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері және оны алдын алу шараларының әдістері нақтыланып, Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығындағы маңызды ұғымдар түсіндірілді.

  • 01
  • 02
Оқылды 148 рет