Айтыбаев Айдар Өмертайұлына үлкен алғыс

Тамыз 24, 2022

Игілікті іс үшін алғыс айтудан шаршамау керек. «Жылы сөз – жан жылуы» -деп бекер айтылмаған. Жүрегіндегі жылуымен жан-жағын ізгілік нұрына бөлейтін жан «құрмет пен алғысқа» лайықты.

Құрметті Айтыбаев Айдар Өмертайұлы, елордалық балалар үйінің ұжымы біздің тәрбиеленушілерге көрсеткен қайырымдылық көмегіңіз үшін Сізге шын жүректен алғысын білдіреді.

Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспіз! Ізгі ниетпен, «Шиелім» тобының бүлдіршіндері мен балалар үйінің ұжымы!

  • 01
  • 02
  • 03
Оқылды 143 рет