Күндізгі бөлім «Ботақан» тобының кезекті курсы аяқталды

Тамыз 05, 2022

Міне, келесі күндізгі бөлім «Ботақан» тобының кезекті курсы аяқталды. Балалармен қоштасатын болғандықтан, бүгін біздің көңіл күйіміз жабырқаулы. Бірақ балаларға, олармен осы уақыт ішінде болған өзгерістерге қарап, осындай керемет бүлдіршіндердің жеткен жетістіктерін мақтан ете алатынымызға қуаныштымыз!

5 тамыз күні «Ботақан» күндізгі тобының қоштасу күні өтті. Мамандарымызбен бірге, залға кішкентай балапандар кірді! Музыкалық залда балаларды мерекенің жүргізушісі Мэри Поппинс күтті. Ал балаларға қонаққа айлакер Түлкі келді.Өздерінің қоштасу мерекесінде, бүлдіршіндеріміз қасықтар мен музыкалық аспаптарда ойнады, Түлкі балалардың ойындарын тамашалап, ұлдардың ғарышқа ұшқанын қарап, сүйкімді қыздардың билерін тамашалап күшті әсерлі эмоция алды..... Сосын балаларға алғыс ретінде сыйлықтар таратып, балаларға мақтау қағаздарын берді.

Балалардың ата-аналарының жолдаған мекемеміздің директоры Сәуле Кенжетайқызы мен ұжымымызға айтылған жылы сөздері мен алғыстары жазылған бейнетаспа, біздің жасап жатқан еңбегіміздің бекер емес екендігінің дәлелі. Біз балаларымызға ақ жол тілейміз! Ия, біз қателескен жоқпыз! Себебі, осы қысқа уақыт ішінде, олар біздің балаларымыз болып кетті. Сендерге сәтті сапар, жаңа таныстар, көптеген қызықты кезеңдер мен өмірлеріңде таңғажайыптардың көп болуына тілектеспіз! Ақ жол балапандар!

Оқылды 142 рет