"Президент” саябағына бардық

Тамыз 05, 2022

Кішкентай бүлдіршін үшін әлемнің жұмбақтары өте көп! Балалар айналасында қаншама қызықты жаратылыстарды, дыбыстарды, қоршаған ортаны, адамдарды, өзге де құбылыстарды зерттеп, танып білгісі келеді. Өмірдің алғашқы жылдарында баланың айналасындағылар туралы әлі аз білімде екені белгілі. Бірақ біздің балаларымыз мұның бәрін зерттеп үйренгенді жақсы көреді. Кез-келген серуеннің өзі қазірдің өзінде дамып келе жатқан бүлдіршіннің табиғат пен өзіне тылсым болған құбылыстарды танып білуіне жақсы мүмкіндік. Қоршаған ортаның қызықтары өте көп болғандықтан, біздің бүлдіршіндеріміз таза ауада серуендегенді жақсы көреді. Әрбір жаңа серуен балаларымызға көптеген жаңа әсерлер мен сезімдер сыйлайды.

Кезекті серуеннен жағымды әсер алып, есте қаларлық қызықты сәттерді өткізу үшін біз балаларымызбен бірге "Президент” саябағына бардық. Балаларға бәрі қызықты болды: түрлі гүлдер, жапырақтар, ерекше қарағай иісі, серуендеп жүрген адамдар, ағаштардағы құстар үйі мен ондағы құстар балаларға ерекше сезім мен қуаныш сыйлады. Біз балаларға қоршаған орта туралы, көргеніміз туралы айттық. Бүкіл әлем - бұл үлкен даму ортасы. Біз осы қуатты даму құралын тиімді пайдалануға тырысамыз. Көңілді серуен бәрімізге қуаныш сыйлап, жақсы әсер қалдырды.  Қызықты ойындар мен табиғат аясындағы саябақ балдырғандарға бақыт сыйлады.

Оқылды 151 рет