Димаш Құдайбергеннің «Феникс Твиттер Dears» фан клубына алғыс

Маусым 07, 2022

Балаларды қорғау – баршаға ортақ міндет. Ал, мереке қарсаңында оларға қуаныш сыйлау – азаматтықтың белгісі.

Димаш Құдайбергеннің «Феникс Твиттер Dears» фан клубына елордалық балалар үйінің бүлдіршіндеріне «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі аясында сыйлаған дәмді, әрі әсем безендірілген торты мен ерекше сыйлықтары үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Құрметті «Феникс Твиттер Dears» фан клубы!

Балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері Сіздерге мықты денсаулық, қуаныш пен қызыққа толы керемет кездесулер, жетістіктер мен баянды бақыт тілейді.

  • 01
  • 02
  • 03
Оқылды 206 рет