«Мереке» қайырымдылық қорына алғыс білдіреміз

Маусым 03, 2022

Әрбір сәбидің күміс күлкісін аялау, қуаныш сыйлап, бақытқа бөлеу – абыройлы міндет. Бүгінгі балдырған – ел ертеңі, ұлт жалғасы.

Бар жақсылық – балаларға! Осындай ұранмен «Мереке» қайырымдылық қоры Елордалық балалар үйінің бүлдіршіндеріне арнап мерекелік күн ұйымдастырды.

03.06.2022 жылы балаларымыз «Жетісу» саябағында серуендеп, шат-шадыман көңіл-күйге бөленді. Сондай-ақ, саябақтағы көңілді серуеннен соң, бүлдіршіндеріміз «Мереке» қайырымдылық қорының қолдауымен «Damdes» мейрамханасына барып, дәмді түскі ас пен тіл үйірер тәттілерден дәм татты. Көңілді серуен соңында барлық балаларымызға «Мереке» қайырымдылық қорының сыйлықтары таратылып берілді.

Балаларымызға бақытты балалық шақ сыйлау мақсатында оларға шексіз қуаныш пен керемет көңіл-күй сыйлағаны үшін «Мереке» қайырымдылық қоры мен басшысы Арман Қайрат мырзаға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге баянды бақыт, табыс, мықты денсаулық тілейміз.

Оқылды 448 рет