12.05.2025 ж. біздің балалар үйінің ұжымы «Халықаралық мейірбекелер күніне» орай мейірбикелерімізді құттықтап ізгі телектері мен жылы лебізін білдірді.
Әлемдік кәсіби мейірбике күні жыл сайын 12 мамыр күні аталып өтеді. Медицина бикеші кәсібі ең ізгі, адамгершілігі мол, қоғамға пайдалы мамандық иесі. Емделушілердің жақсы және сәтті емделуінің, шапшаң оңалуының 50% дұрыс күтімге тәуелді екендігі туралы бекер айтылмаған. Әр уақытта мейірбикелердің жылы да қамқорлы, нәзік қолдары денсаулықты сақтауда адамдарға пайдасының тиері анық. Дәрігерлердің оң қолы болып саналатын мейірбикелер әрдайым науқастардың жанына жылулық сыйлап, жанынан табылады.
Құрметті мейірбикелер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - “Медбикелер” күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға амандық, кәсіби біліктілігіңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімдізді білдіреміз.
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз!
Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,
Арта берсін абырой-беделіңіз!