Елордалық балалар үйінде «Арнайы қызметтерге мұқтаж отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету шаралары» тақырыбында «Ақ-қанат» күндізгі оңалту бөлімінің ата-аналарды қолдау мектебінің кезекті маңызды жиналысы өтті.
Кездесудің мақсаты – Ата-аналарды арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау түрлерімен таныстыру, ата-аналарға психологиялық демалыс ұйымдастыру, эмоционалдық күйіп кетудің алдын алу және жан-жақты қолдау көрсету.
Жиынға «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ «Алматы» ауданы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы Филаретова Инна Юрьевна, Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ филиалы «Алматы» – «Сарайшық» аудандарының «Мансап орталығы» жұмыс іздеушілерді қолдау секторының жетекшісі Имашева Мейрамгүл Сансызбайқызы, «MamaPro» ҚҚ психологы — Байтова Асия Аскеровна, «MamaPro» ҚҚ директоры — Сейдалина Шарафат Амангелдіқызы мен күндізгі топ ата-аналары қатысты.
Балалар үйінің әлеуметтік қызметкері Оксана Владимировна жиынға қатысушыларды «Әлеуметтік қолдау шаралары мен түрлері» тақырыбында арнайы әлеуметтік қызмет түрлерімен таныстырды.
Жиын барысында:
•әлеуметтік қолдау шаралары мен түрлері туралы ақпарат берілді;
• атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй кезегіне қою туралы маңызды мәліметтер ұсынылды;
• жұмысқа орналасу және арнайы курстарға түсу мүмкіндіктері талқыланды;
• «Диагнозды қабылдау және эмоционалдық күйіп кетудің алдын алу» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Оқу бағдарламасына белсенді қатысқан барлық ата-аналарымызға шексіз алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыз бен ынталарыңыз біз үшін өте маңызды! Алдағы уақытта да пайдалы тренингтер мен кездесулер жалғасатын болады!