«Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне арналған іс-шара өтті

Маусым 04, 2026

Бүгін мекемемізде «Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне арналған іс-шара өтті. Мекеме ұжымы жұмыс күнін Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен бастады.

«Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, балаларымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

 

Оқылды 1046 рет