Балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері атынан 50 жас мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Жарқын позитивті көңіл-күй, жоғары жетістіктер, рухани үйлесімділік, өркендеу, мықты денсаулық, барлық жерде табыс тілейміз! Осы айтулы күні барлық арман-тілектеріңіз орындалсын! Алда тек сәттілік күтіп, сізді мейірімді және жанашыр адамдар қоршасын. Сіздің үйіңізде әрдайым береке, өркендеу және жақсы көңіл-күй болсын! Бақытты және сүйікті болыңыз!

Елу жастың ақ таңы,

Есік ашты, қараңыз.

Құтты болсын туған күн,

Артып атақ, бағаңыз.

 

Бұл елу жас қуанытсын,

Шаттығымен тербелеп.

Ортамызда жүріңіз,

Амандықта еркелеп.

 

Болмасын қайғы-мұңыңыз,

Арайлы таң нұр сыйлап.

Елу жас жүзге жалғансын,

Бақыты көп күн сыйлап.

  • 001
  • 01
  • 03