Алғыс айтамыз
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саналы, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі.
Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің бірі. Жүрегі мейірімге толы жанашыр жандарға Жаңа жылдық сыйлықтарымен біздің үйіміздің кішкентай тұрғындарын қуанышқа бөлеп, мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Жаңа жыл – балаларымыздың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, сиқырға толы мерекесі. Жаңа жыл қарсаңында ерекше сыйлықтарымен балапандарымызға қуаныш, шаттық, бақыт сыйлағаны үшін АО «Павлодарский речной порт», ТОО «QSM Engineering», TOO «IP partners компания «CLEVer» өкілдеріне шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Әлемге мейірім төгу – адамның ішкі сезімінің бір бөлігі. Мейірімді болу – өзге адамға жан жылулығы, ізгі ниеті мен лебізін білдіру. Ал балаларға мейірім мен қамқорлық көрсету – үлкен адамгершілік белгісі.