Алғыс айтамыз
«Мейірімділік» – адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді.
Сүйкімді бүлдіршініміз Санжарға оңалтуға арналған жүріс арбасын сыйға бергені үшін мейірімді жанға шексіз алғысымызды білдіреміз.
Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет – ол жанашырлық.
Балалар үйі ұжымы мен бүлдіршіндері атынан Шодиев Фаттах Каюмович мырзаға сұлу қыздарымызға арналған әдемі көйлектер, сымбатты ұлдарымызға арналған жылы киімдер, ыңғайлы аяқ киімдер мен қыстық комбензондар үшін алғысымызды білдіреміз.
Бақытты балалық – дені сау дамушы қоғамды қалыптастырудың айнымас шарты. Ал балаларға қамқорлық – ел ертеңіне қамқорлық көрсету.
Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментіне және басшысы Ақылбай Арман Серікұлына керемет сыйлықтарымен, бүлдіршіндерімізді қуанышқа бөлеп, бақыт сыйлағаны үшін балалар үйінің ұжымы атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.
Мейірімді жүректен шыққан ізгі ниетіңіз, қамқорлықтарыңыз балаларымызға жақсылықтың жарқын үлгісі болып, жүректеріне жылу, болашақтарының жақсы жанашыр жандардың қолдауымен жарқын боларына сенім ұялатты.
Балалар үйінің әкімшілігі «High Vill Kazakhstan» компаниясына бүлдіршіндерімізге көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.