Алғыс айтамыз
Балалардың күлкісі мен олардың бақытты көздері әлемдегі ең үлкен байлық шығар.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ ұжымы мен бүлдіршіндерінің атынан «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның ұжымына қайырымдылық көмек көрсеткені үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Елордалық балалар үйі ұжымы мен тәрбиленушілердің атынан «Ас-Салам» мешіті ұжымына қоғамдағы өмірлік құндылықтарды нығайтуға бағытталған игі істеріңіз бен бастамаларыңызға, балаларға деген шынай қамқорлықпен көрсеткен қайырымдылық көмектеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымды жандарды «алтын жүректі адамға» теңейтіні де содан болар.