Алғыс айтамыз

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, ізгі ниетімен, балаларымызға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы полиция полковнигі Омарбеков Ерлан Болатұлы мен орынбасары Мұхаметқалиев Асқар Мұратұлы бүлдіршіндерімізді мерекемен құттықтап, өздерінің керемет ерекше сыйлықтарын табыс етуге арнайы келді.

Балалар үйінің ұжымы Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлеуметтік бишілер клубына тәрбиеленушілерімізге сыйлаған тәтті сыйлықтары үшін алғысын білдіреді. Сіздердің қайырымдылық көмектеріңіз бүлдіршіндерімізге қамқорлық пен жылулықты сезіндіріп, Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйлады!

«Әскери қызмет және жауынгерлік іс-қимыл мүгедектері мен ардагерлері» қоғамдық бірлестігіне және басшысы Марденов Марат Жүкенұлына бүлдіршіндерімізге ізгі ниетіңізбен, қайырымдылық көмек көрсеткендеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Балалар үйінің ұжымы мен тәрбиеленушілері  «АТМ.007» (mommy.baby_ast) жеке кәсіпкерлігіне, өскелең ұрпақтың игілігі үшін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилерімізге қамқорлығыңыз бен қайырымдылық көметеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.