Алғыс айтамыз

Жанар ханымға және оның достарына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ әкімшілігі мен бүлдіршіндері атынан қайырымдылық көмек көрсеткені үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. 

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің, — дейді дана халқымыз.

Адамзат бойындағы ерекше бір қасиеттердің бірі – жанашырлық. Жанашырлық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.

Балалар үйінің аумағын қалың жауған қардан тазарту жұмыстары әлі де жалғасуда. Бүгін біздің мекемемізге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК «Шуақ» еріктілері сәбилеріміздің еркін жүріп, алаңсыз ойнауы үшін балдырғандарымыз ойнайтын алаңдарды және мекеме аумағын қардан тазарту жұмыстарына көмектесуге келді.  

Ерекше күтімді қажет етететін балаларға арналған коррекция-реабилитациялық орындығын қалпына келтіріп, өңдеу жұмыстарын жасап, бүлдіршіндерімізге ыңғайлы болуы үшін жөндеу жұмыстарын жасаған Абдрахманов Асқар мырғаза біздің үйдің балаларына деген ерекше көмегі мен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз.