Алғыс айтамыз
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесінде балалар үйіне арнайы келіп, әсем, хош иісті гүлдермен ұжымымыздағы нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, қуаныш сыйлаған BloomX.kz гүлдер орталығына шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратына балалар үйі ұжымы, 8 наурыз мерекесі қарсаңында ұжымымыздың нәзік жандыларын мерекемен құттықтап, арнайы мерекелік торт сыйлап, көтеріңкі көңіл күйге бөлегені үшін алғысымызды білдіреміз.
2022 жылдың 05 наурызында бүлдіршіндеріміз Астаналық циркке барып, әртістер мен жануарлардың өнерін тамашалап қайтты.
Ақпан айының 22 жұлдызында Нұрсауле Нұрбекқызының қолдауымен балалар үйінің бүлдіршіндері үшін «Ailand» отбасылық демалыс орталығына экскурсия ұйымдастырылды.