Біздің жаңалықтар

«Үміт» тобының кішкентай сұлу бүлдіршіні Иван 1 жасқа толды. Балапанымызды туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің өркендеуіне үлес қосар елге сыйлы азамат болып ержетсін. Биік шыңдарды бағындырып, жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспіз.

Қыс – балалық шақтың естелігі. Қыс – ең суық жыл мезгілі, аяз бен борандардың уақыты болса да, бұл мезгілді ұнататын адамдар өте көп, әсіресе балалар. Балалар қыс мезгілі келгенде еркше қуанады. 

«Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға»

Тәуелсіз еліміздің болашағы – балапандарымызды, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жағдайларынан хабар алу үшін балалар үйіне жұмыс сапарымен ҚР төтенше жағдайлар министрі Ильин Юрий Викторович мырза келді.

Жаңа жыл – бала қиялына қанат бітіретін ерекше мереке. Болашағымыз балаларға шаттық сыйлау үшін «Фабрика добра» қайырымдылық қоры қолдауымен «Территория радости» аниматорлық орталығы балапандарымызға есте қалаларлық керемет ойын-сауық кешін ұйымдастырды.