Біздің жаңалықтар
19.11.21 – «Біз күн балаларымыз» атты басты мерекелік іс-шара өтті. Әдемі безендірілген музыка залына балалар мен балалар үйінің қызметкерлері жиналды. Жүргізуші, Күлбикеш пен балалар зұлым Өгей анаға әр баланың өз құқықтары мен міндеттері бар екенін түсіндірді.
17.11.21 – дәрігер-педиатр мен дәрігер – реабилитолог ZOOM платформасында күндізгі топтардың ата-аналарына «Дені сау ата-ана – дені сау бала», «Салауатты өмір салты» тақырыбында онлайн-кеңес өткізді. Бұл ақпаратты қашықтықтан 25 ата-аналар қызығушылықпен тыңдады.
ЕДШ нұсқаушысы Нургул Үшкемпирқызы «майтабандылықтың алдын алу» жөнінде сабақ жүргізді. Майтабан– табан дөңестерінің төмендеуінен болған табанның жалпаюы. Сабақта балаларға қандай аяқ киім кигізу керек екендігін сонымен қатар ортопедиялық кілемшенің пайдасы туралы айтылды.