Біздің жаңалықтар
2022 жылдың 7 ақпанында Елордалық балалар үйінде «Ерте жастағы балалармен жұмыс жасаудағы заманауи білім беру технологиялары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Театр балаларға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не арнайы жұмыс сапарымен, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілі – Артур ван Дизен, Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директоры Ембергенова Мағрипа Хамитқызы келді.
Бүгін біздің «Қоңырау» тобының тәтті бүлдіршіні Богдан 2 жасқа толды. Богдан, үйіміздің ерке балапаны – біз сені туылған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз! Барлық арман тілектерің орындалып, болашағың жарқын болсын.