Біздің жаңалықтар
1993 жылы елімізде бірінші рет ұлттық валюта айналымға жіберілді. Содан бері 15 қараша - қазақстандық қаржыгерлердің кәсіби мерекесі болып бекітілді.
«Әлем балалар күні» қарсаңында 12 қараша күні мекемемізде қызметкерлерге арналған «Өзіңізді бала сияқты сезініңіз» атты психологиялық сағат өтті. Өте қызықты болды,психологтар Тулесова Г.А. мен Мамина З.Т. және музыкалық жетекші Марат Жайнаған жүргізді.
«Ботақан» күндізгі тобында Мейірім 2 жасқа толды.Өмірдің тек шуақты сəттерін көрсін, əр атқан таңы таусылмас қуаныш сыйлап, көзіндегі əдемі күлкісі ешқашан сейілмесін, осындай тəп - тəтті қалпында ата-анаңды қуанта бер! Туған күніңмен ханшайым! Туған күнге қоян мен аю келіп, балаларымызға жақсы көңіл-күй сыйлады.
Елордалық балалар үйі ұжымының жұмысында 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап «Үйдегідей» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оқыту бірнеше модульдерге бөлінді. Оқытудың ең басты тақырыбы: «Дұрыс күтім туралы ғылым» болды.