Біздің жаңалықтар
Бүгін «Үміт» тобының көрікті, қылықты бүлдіршіні Аяжанның туылған күні. Балапанымызды 1 жасқа толуымен құттықтаймыз! Өмір жасы ұзақ, денсаулығы мықты, болашағы жарқын болсын! Сұлу жүзінен күлкі кетпей, жан-жағын нұрға бөлеп шексіз бақытқа кенеліп жүре берсін!
Бүгін «Ботақан» күндізгі тобында мереке. Мансұр 3 жасқа толды! Сүйкімді балапанымызды туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Мансұр, туылған күніңмен! Әр күнің қызықты әрі қуанышқа толы болсын, барлық армандарың орындалып, жоғары жетістіктерге жет! Саған шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілейміз. Денсаулығың мықты, болашағың жарқын болсын!
Бүгін 8 қыркүйек күні мекемемізде жаңа оқу жылына «Тәжірибелік іс-әрекет арқылы танымдық белсенділікті дамыту» тақырыбында арнайы педагогикалық кеңес өткізілді.
Біздің үйдің кішкентай тұрғындары әсем қаламыздың көркем саябақтарында серуендегенді жақсы көреді. Бүгін бүлдіршіндерімізбен Тұңғыш Президент саябағына барып, серуендеп қайттық.