Біздің жаңалықтар

Интерактивті үстелмен жұмыс – дидактикалық ойындар мен жаттығуларды, қарым-қатынас ойындарын, проблемалық жағдайларды, шығармашылық тапсырмаларды оқу іс-әрекетінде жаңаша қолдануға мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»  мерекесіне арналған «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені»  атты мерекелік іс-шарасы ерекше көтеріңкі көңіл-күймен аталып өтті.

«Күнім» оңалту тобының  кезекті курсы аяқталды. Үш ай уақыт көлемінде мамандарымыз атқарған жұмыстар өз жемісін беріп,  бүлдіршіндердің шыдамдылығы, алғырлығы мен ерік-жігерінің арқасында жеткен керемет жетістіктері мен табыстарын мақтан тұтамыз!

Бала – біздің болашағымыз. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағының тыныс-тіршілігенен, жай-күйінен хабардар болу мақсатында, Елордалық балалар үйіне Бас көлік прокуроры Сыбанқұлов Ернат Мұхаметқалиұлы мен Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары Еламанов Жасұлан Бекмырзаұлы келді.