Алғыс айтамыз
Сыйлық алғанды балаларымыз өте жақсы көреді. Өздерінің ерекше сыйлықтарымен сәбилеріміздің жүзіне күлкі, жүрегіне жылу сыйлайтын жақсы адамдар да өте көп. Қолы ашық, жүрегі жомарт жандардың бірі Сұлтанбек Юсуп мырзаға ризашылығымызды білдіреміз.
Қарлы желтоқсан, аязды қаңтар және ызғарлы ақпан – қыстың 3 айы, көптеген қуаныш пен мереке әкеледі. Қар жамылғысына оралған қысқы табиғат көктемді күтеді.
Бүгін біздің бүлдіршіндеріміз керемет сыйлықтарға ие болды. Жұмсақ әрі жылы, әдемі және ыңғайлы киімдер балаларымыздың көңілін көтеріп, қуаныш сыйлады. Балдырғандарымыздың жүзінен қуанышты көру біз үшін үлкен бақыт. Біздің балаларымыздың сүйікті досы Фаттах Каюмович әрқашан біздің балаларымызға қамқорлығын көрсетіп, мейіріміне бөлеп жүреді. Фаттах Каюмовичтің арқасында қыстың суық күндері біздің балапандарымызға жылы әрі жайлы болады.
Балалар үйінің әкімшілігі біздің балдырғандарымыздың атынан Димаш Құдайбергеннің қазақстандық фан-клуб мүшелеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Олар біздің балаларға жаңа оқу жылына арналған дидактикалық материалдарды сыйға тартты.
Балалар үйінің ұжымы сізге көрсеткен қайырымдылық көмегіңіз үшін алғысын білдіреді.
Балаларымызға арнайы әкелген етіңізден дәмді манты жасалып, арбузыңыз бүлдіршіндеріміздің көңілін көтеріп қуаныш сыйлады.
Сізге мықты денсаулық пен мол табыс тілейміз!