Алғыс айтамыз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Мамандандырылған балалар үйі" МКМ-і ұжымы мен бүлдіршіндері қайырымдылық көмек көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданы бойынша "Мемлекеттік кірістер басқармасына" алғыс білдіреді.

Жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдерді ешкімнен ешқашан аямай, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айту керек. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есімізде сақтайық.

Балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері «ЭКО ОКНА» ЖШС (терезелер мен есіктер өндірісі ұйымы) ұжымына, және Абуов Бауыржан мен Баймұқанов Жасланға пластик есіктерді жөндеуге көмектескендері үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

Балалар үйінің әкімшілігі мен ұжымы балалар атынан «Partners Realty» ЖШС-не ерекше қамқорлықпен бүлдіршіндеріміздің ойын алаңдарының көркіне сән беретін демалуға арналған орындықтар мен оңалту жабдықтары түрінде көрсеткен көмегі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.