Алғыс айтамыз
Міне, біздің балаларымызға мейірімді және кішіпейіл адамдар осындай әдемі ойыншықтар мен басқа да көптеген балалар заттарын сыйлады, олар –з аты-жөндерін жариялағысы келмей «сахына артында» қалғысы келді. Бірақ, бұл біздің балаларымыздың күнделікті өмірін жарқын және жылы етуге деген шынайы ниетін өзгертпейді!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің ұжымы балалардың атынан Сізге жөргектер мен тәтті сыйлықтар түрінде көрсетілген қайырымдылық көмектеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Біз, балалар үйінің ұжымының атынан, «Ана үйі» қоғамдық қорына, оның атқарушы директоры және меценат Анар Амангелдиновна Рахимбаева ханымға алғыс айтамыз. Анар Амангелдиновна Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не үнемі демеушілік жасап, қолдау көрсетіп отырады.
Көп жылдар бойы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері елордалық балалар үйіне көмек қолын созып келеді.