Алғыс айтамыз

Бар жақсылық балаларға.

«Бала адамның бауыр еті» дейді. Шынында, өмірден алғанымыздың ең жақсысын ішкі жан дүниемізбен осы балаларға бергіміз келеді. Жақсылық жасауды үлгі көріп өскен ұрпақ өз елі үшін елең қағар азамат, имандылық, жылы жүзділік, мейірімділік шапағатын төге алатын жақсы азамат болып қалыптасады.

Игілікті іс үшін алғыс айтудан шаршамау керек. «Жылы сөз – жан жылуы» -деп бекер айтылмаған. Жүрегіндегі жылуымен жан-жағын ізгілік нұрына бөлейтін жан «құрмет пен алғысқа» лайықты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не, «Әскери қызмет және ұрыс қимылдарының мүгедектері мен ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің басшысы Марден Марат Жүкенұлы келді.

Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры. Қазақ халқы ежелден жомарт­тығымен танылған. Ұрпағына қайырымды­лықты жастайынан үйретіп, адам­гершілік қасиеттерге баулуға ұмты­лады. Себебі, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болашағымыз жас ұрпақ!